ҚАБАТТАС

lat: QABATTAS

ет. 1. Қатарласу, қатар келу. Екі кемпір қ а б а т т а с а кеп, құшақтап сүймек еді, Ырысбек оларды сүйгізбеді (С.Мұратбеков, Жабайы.). 2. Бірнеше оқиға, іс қат-қабат келіп тоқайласу. Одан кейін Айбаланың қайтыс болуымен, Ботагөздің жоғалу қайғысы қ а б а т т а с т ы (С. Мұқанов, Ботагөз). 3. Қосамжарласу, қалыспау. Сол сенім Тәжiбек қой соңына ергелi қ а б а т т а с ы п қалыспай бірге келедi (Ж.Еділбаев, Бүгінгі ауыл.). Сұлтекең Дәулетпен қ а б а т т а с ы п, өрешеге өзі де кіріп кетті (Б.Соқпақбаев, Шығ.).