ҚАБАТТЫ

lat: QABATTY

сын. Қабаты бар, қабаттан тұратын, биік (үй). Қарлығаш заводтың жас жұмысшылары мен қызметшілері тұратын төрт қ а б а т т ы үлкен жатақхананың бір бөлмесінде тұрады екен (Ж.Жұмақанов, Мен жұмысшы.). Ғимарат екі қ а б а т т ы. Үстіндегі қабатта ер кісілер, төменгісіне әйелдер намаз оқиды. Имамның татымды уағызын жұма намазында әлденеше жүздеген жамағат тыңдайды. Тәжік жігіті Н.Нұров қазақ тіліне жетік, таза сөйлейді. Жамағаты риза, Мешіт ауласы кең. Енді оған тас кілем мен жасыл газон төсеу алдағы уақыт еншісінде. Білімді де білікті имамның дініміз үшін сіңіріп жатқан еңбегі осындай («Түркістан»).