зат. бот. лестігіндегі (фитоценоз) өсімдіктердің тік бағытта өсу биіктігіне қарай жерүсті және жерасты мүшелерінің орналасу қабаты. Қ а б а т т ы л ы қ т ы ң түзілуі өсімдіктің тіршілік нысанына байланысты (Қаз. тілі термин. Биология). Бұл айырмашылықтарды жыныстардың минералдық және химиялық құрамынан, құрылымдарынан, қ а б а тт ы л ы ғ ы н а н, құрамы мен қасиетінің климатқа байланыстылығынан, органикалық қалдықтардың мөлшерінен байқауға болады (К.Сапарбайұлы, Геология.).