ет. этн. Ішіне салынған мақтасы жылжып кетпес үшін көрпенің тысы мен астарын жапсырып тігу. Еденді тарсылдата басып төргі бөлмеде көрпе қ а б ы п жатқан әжемнің алдына құлай кеттім (А.Жақсыбаев, Бозарал). Мейірімді анам Шұға алты қанат ақ үйдің көлеңкесінде алдындағы қызыл атлас көрпені сүйріктей саусақтарымен қ а б ы п отыр (Н.Көшекбаев, Қарулас дос.).