ҚАБЫҚ

lat: QABYQ

зат. 1. Белгілі бір заттың сыдыруға келетін жұқа қабаты. Сәл ғана шақпақ шақсаң... қ а б ы қ т а р ы тілім-тілім аласа тарбық пальма ағаштар лап ете түскелі тұр (Ә.Әлімжанов, Отырар.). 2. анат. <лат. cuticula> Жүрек, өкпе сияқты ағзалардың сыртқы қабы, қапшығы. Бұл түйіршіктер жүректің оң жақ қ а б ы ғ ы н а н өкпеге қан құйылуына кедергі жасады (А.Даиров, Хирург.). 3. бот. < лат. cortex> Өсімдіктің сыртқы қабаты, қабыршағы. Өсімдіктің басқа түрлерін тамырын, тамырабағын, қ а б ы қ пен құрғақ жемістерін және тұқымын күн көзіне кептіре беруге болады. Бұл үшін жерге қойылатын брезентті пайдаланады немесе металл тор, дәке, сирек матамен керілген ағаш раманы пайдаланады ( С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).