сын. 1. Құрметті, сыйлы; беделді ардақты (адам). Сәке, алыстан қ а д i р л i қонақ келіп тұр, үйге енуге рұқсат сұрайды (С.Жүнісов, Ақан сері). Келінімнің жұртқа қ а д i р л i екенін сонда білдім (Қ.Мұқамеджанов, Өзіме де.). Абайды қолымыздан келген қ а д i р л i жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып, көпке көрсетпекшіміз (А.Байтұрсынов, Шығ.). Қ а д i р л i басым, Қайратты жасым Айғаймен кетті, амал жоқ. Болмасқа болып қара тер, Қорлықпен өткен қу өмір (Абай тілі сөздігі). Жайылхан ұлы Майқы би Билігі асқан ер екен, Қ а д i р л i жұртқа жан екен (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 2. Қaдipi бар, қанды, қасиетті, бағалы (зат). Бұл қыш көзе Сейілбек үйінің аса қ а д ір л i бұйымы еді (Д.Досжанов, Дария). Ұстаз берген кітап өлеңдер жинағы е кен. Үрмеш сол кітапты қ а д i р л i мүлкіндей сақтап жүрді (Ә.Әлішев, Батыр.). Бірақ соңғы заманда пән, ғылым өсіп, адамзат өнерленген сайын педагог деген ат қ а д i р л i, қасиетті болып барады (М.Жұмабаев, Шығ.).