lat: QADAǴALAÝ LOKÝSY
Тұлғаның өз өміріндегі мәнді оқиғалардың себебін өз қылықтары мен мінез-құлық ерекшеліктеріне балау дәрежесі. Кеңестік психологтар тұлғаның әр-түрлі тіршілік саласындағы интерналдылық қасиетін анықтау мақсатымен, бастапқы Дж.Роттердің қадағалау локусы әдістемесін қайта құрастырған.
Авторлардың пікірінше, субъективтік қадағалау деңгейі – тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, отбасы, өндірістік және т.б. салалардағы шиеленісті жағдаяттарды шешу тәсілдерін реттейтін, тұлғаның жалпыланған сипаттамасы. Бұл әдістеме тұлғаның өзін-өзі танытуынан болып жатқан оқиғаларға оның белсенді де саналы қатынасы арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда оқиғалардың негізгі себептері тұлғаның өз іс-әрекетінің, мінез-құлқы мен қылықтарының нәтижелеріне баланады. Осылайша, тұлғаның интерналдылық деп аталатын тенденциясы оның өзін-өзі танытуына қолайлы жағдайлар тудырып, оның жетілген. жауапкершілікті және дербес ұстанымын көрсетеді.