ҚАДАҒАЛАУ ЛОКУСЫ

lat: QADAǴALAÝ LOKÝSY

тұлғаның өз өміріндегі мәнді оқиғалардың себебін өз қылықтары мен мінез-құлық ерекшеліктеріне балау дәрежесі. Кеңестік психологтар тұлғаның әр-түрлі тіршілік саласындағы интерналдылық қасиетін анықтау мақсатымең, бастапқы Дж. Роггердің қадағалау локусы әдістемесін қайта құрастырған. Авторлардың пікірінше, субъективтік қадағалау деңгейі тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, отбасы, өндірістік және т.б. салалардағы шиеленісті жағдаяттарды шешу тәсілдерін реттейтін, тұлғаның жалпыланған сипаттамасы. Бұл әдістеме тұлғаның өзін-өзі танытуынан болып жатқан оқиғаларға оның белсенді де саналы қатынасы арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Мүнда оқиғалардың негізгі себептері тұлғаның өз іс-әрекетінің. мінез-құлқы мен қылықтарының нәтижелеріне баланады. Осылайша, тұлғаның интерналдылық деп аталатын тенденциясы оның өзін-өзі танытуына қолайлы жағдайлар тудырып, оның жетілген жауапкершілікті және дербес ұстанымын көрсетеді.