Сымға тартқан алтын, күміс талшықтарын, қақталған күміс, мыс, қаңылтыр, таспа, былғары қиятын, кесетін құрал. Бұл атау қазақ, моңғол тілдеріне ортақ болып келетін сөздердің бірі. Жергілікті жердегі қайшының бір атауы - дүкерт. Бірақ ол зергерлік емес, мұрт басып, қас теретін, тырнақ алатын құрал. Дүкертті де ұста, зергерлер жасай берген. Ал қайшы ертеде қос пышақ деп аталған. Бұл заттың қыйғаш, қыпшақ деген атаулары да тілімізде сақталған.