шаруашылық пен қолөнерде жиі қолданылатын қабығы ақ түсті ағаш. Қайың биік, әрі түзу болып өседі, оның сыртындағы қабығы оңай сыдырылады. Ғылыми еңбектерде қазақ жерінде қайыңның 15 түрi өсетіндігі айтылады. Бірақ, халықтың білімде оның қотыр қайың, түкті қайың, ақ қайың деген үш түрін ажыратады. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар: өте биік өсетін қотыр қайыңның қабығында көлденең қара сызықтары, бұтақтарында желiм тәрiздi сүйелдерi болады. Бұтақтары майысқақ, жапырақтары сырғаға ұқсап салбырап тұрады. Ал, түктi қайыңның жапырақтарының екi жағында да мақпалдай түгi болады. Ақ қайың жұқа жұмсақ қабығы бар, жапырақтарының ұшы үшкіл немесе сүйiр болып келеді.