неке-отбасылық қатынаста әйелдің күйеуінің әкесіне, сондай-ақ, күйеудің әйелінің әкесіне қатысты айтылатын туыстық атау. Егер, қайын ата бірнеше ағайынды болса, жасы үлкенін үлкен қайын ата, жасы кішісін кіші қайын ата деген. Дәстүрлі қазақы ортада ежелден қалыптасқан әлеуметтік қатынастың этикалық нормалары бойынша, келіннің қайын атасын ата деп қана атау дәстүрі қалыптасқан. Оған қоса сәлем салып, алдынан ешуақытта кесіп өтпеген. Қайын атаның әулет алдында беделі жоғары болды.