күйеудің қарындастарының жеңгесіне қатысты туыстық мәртебесін білдіретін атау. Қайын сіңлі мен жеңге арасындағы қарым-қатынас айрықша нәзік, әрі өзара силастыққа негізделеді. Қайын сіңлінің қамқоршысы да, ақылшысы да жеңгесі. Сырлас жеңге қайын сіңлісін өмірдің қыр-сырымен таныстырып, ұнатқан жігітімен кездесуде дәнекерші болған. Халық арасында кең тараған «қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді»; «қыздың сырын жеңгесі білер» деген тәмсіл сөздер осы жайтқа байланысты қалыптасты. Жеңгесі қайын сіңлінің атын атамай, еркелетіп сұлу, бикеш, еркежан, еркем, ботам, сырғалым, шашбаулым деген сияқты эвфемистік мәнді атпен атайды.