ҚАЙЫҚ БЕРУ

lat: QAIYQ BERÝ

інгеннің қайыған-қайымағанын дәл айыру кейде қиынға соғады. Мұндайда түйеші інгенді атпен біраз жерге қуып айдайды. Егер інген қайып кетсе, атпен айдағанда құйрығын шиыршықтап алып, қашады. Інгеннің бұл әрекетін қайық беру деп атайды.