ҚАЙЫҚ ТӨСЕП ОТЫР-

lat: QAIYQ TÓSEP OTYR

фразалық тіркес. Жарамсақтанды, жағымпазданды, жалбақтады, жағынды, бас ұрды, жарбаңдады. «Міне, Көксеңгірдің бауырына отыз үй сұраса, анық елу үй тіктіру, ол елу үйдің ортасына бес үйді хан ордасындай орнату бәрі де Оразбай мен Елеу болыстың бұл жолы төреге төсеп отырған қайығы еді» («Қастықта»).