1. Зәрулік, ділгірлік, мұқтаждық. Бұл маған не қылғаның, Жаратқаным, Бір шалға үйлі жанды қаратқаның? Төлермін салық ақша қайдан тауып, Қ а ж е т і м бірін сай ғып та жаратпадың? (А.Байтұрсынов, Шығ.). Соның үшін мұндай оқитын школдар да патшалық қ а ж е т і н е жатады. Мұндай қ а ж е т т е р д і өтеуге облыстың күші емес, патшалық күшін жұмсау керек (М.Дулатов, Шығ.). Ғұмырға сәлемет бер, ақырда иман, Өлгенше халәл ниғмет бұл қ а ж е т і м. Қайырын сұрап хақтан тәмам еттім, Кердері Әбубәкір менің атым (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Керек. Мен Нүкеңді қоштар ем. Сондай батылдықтар қ а ж е т-а қ (Т.Тілеуханов, Шарапат.). Бетонды қабылдайық десек, кемі әлі үш кісі қ а ж е т (А.Жақсыбаев, Менің дос.). Жол жұрт үшін ғана емес, жалпы совхоз шаруасын алға апару үшін де қ а ж е т («Қазақст. әйелдері»).