сын. Қажеті бар; керекті. Ауылдан шыққанда қ а ж е т т і документтерді түгелдеп алған сияқты едім ғой, асып-сасып жүріп ұмытып кетіппін (Ә. Әлішев, Батыр.). Өткізілген астық үшін өздеріне қ а ж е т т і заттар мен құралдар сатып алынбақшы (Т.Оразов, Қаныш.). Тұтқындардан қ а ж е т т і мәліметтер алынып, олар дивизия штабына жіберілді (Б.Жетпісбаев, Жорық.). Шынайы еңбек демократиясына етер қ а ж е т т і баспалдақ — пролетариат пен жартылай пролетариаттың толық саяси және экономикалық билігі сипатындағы адамзаттың еңбекші қауымының диктатурасы болып табылады (А.Байтұрсынов, Шығ.).