қалыңдық үшін берілетін мал. Негізінен төрт түлік мал, кейде ақша беріледі. Ол құдалардың байлығына, әл-ауқатына, қоғамдағы орнына қарай әр түрлі болады. Кедейлердің арасында 5-6 малмен тынса, дәулеттілер арасында 200-1000 жылқы шамасына жеткен. Мұның үстіне «бас жақсы», «орта жақсы», «аяқ жақсы», күң, құл қоса берілген. Сондай-ақ «жетімен» есептелетін бірнеше түрі де болған. Бұлардан басқа ілу, киіт, өлі-тірі дегендері тағы бар. Осыдан он жыл бұрын Алшынбай аулына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділданы Абайға айттырған уақытта бас құда Құнанбайға киіт деп, Алшынбайұлы күміс тартқан. Ол күмістің аты - тайтұяқ, мына бесік жамбыдан кіші еді. Тегінде есептесіп келсе, әдет бойынша, ілу мен киіт күн жағынан қаралас болатын. Бірақ Құнанбай оны есептемей, Алшынбайға өз бергенінің дәл өзін жібермепті». Алшынбай да барды аямай, мырзалыққа мырзалық жасап, кеңінен көсілген («Өрде»). Баратын қара малды айтпағанда, Құнанбай жетпіс жылқы, отыз түйе атады. Басы осы болсын деп, бір құла айғыр мен бір жирен айғырдың үйірін кіргізді. «Ілу» деп атап, Алшынбайдың өзіне кесек күміс — бесік жамбы» жіберді.