ҚАЛЫП

lat: QALYP

бұйымды белгілі бір пошымға келтіруге немесе құюға арналған алдын ала дайындалған үлгі-құрал. Қалыптар дайындалатын заттың түріне қарай күйдірілген саз балшықтан, қыш, тас, сүйек, темір, ағаш сияқты заттардан жасалған. Қалып қолданылу аясына қарай үйшілердің қалыбы, зергер қалып, етік қалып, оқ қалып, кірпіш қалып, өрме қалып сияқты түрлерге бөлінеді.