ҚАЛЫП

lat: QALYP

1. Белгілі бір үлгіде күйдірілген балшықтан, темірден, сүйектен, шойыннан, тастан жасалатын, ерітілген алтын не ерітілген күмісті құйып қалаған нұсқадағы зергерлік бұйымды дайындайтын немесе оқ, ер-тұрманның күміс жабдықтарын құятын ыдыс, құрал. Ертеде оқ құятын тас қалыпты қорама деп атаған.

2. Ұшында бедерлі өрнегі бар, затты белгілі бір формаға келтіретін болат шыбық, қадаубас. Затты белгілі бір формаға келтіру үшін қақталған күмісті жалпақ, қалыңдау қорғасынның үстіне қойып, ұшында бедері бар шыбықты балғамен батыра соғады. Балқыманы құйып алған қалып түрін құймақалып, ал кейінгі түрін соқпа қалып деп атайды. Тіліміздегі «Бір қалыпқа құйғандай «Бір қалыпқа соққандай» деген фразеологиялық сөз орамдары зергерлік қалыптың осындай түрлеріне байланысты қалыптасқан. Қалыптар өзінің формасына қарай «сырға қалып», «күмбез қалып», «үкі аяқ», «Айшық», «жұлдызша» т.с. атала бередіоқпарұлы Д. Жетпіс өнер де аз//Пионер. 1981. 1. 31 б.).