lat: QANDAIMA
(Гур., Маңғ.) қандайда, недей де. Бұл міндетті, қарарды бұзып қандайма жолмен болса да кедергі жасағанда әкімшілік жолмен жүз сом айып тартады (Гур., Маңғ.).
Әрбір орындарда санитарлы постылар ұйымдастырылып, қандайма жұқпалы аурулар болса да қарсы күрес шараларын қолданамыз («Соц. мал шар» 24.12.1941).
Қандайма өндіріс жұмысы болса да колхозшыларды өндіріске ұйымдастыра білу («Соц. жол», 13.01.1940).