lat: QANDYM
1. (Қ.орда: Сыр., Жал., Қарм.; Жамб., Сар.) сексеуіл түстес, суға шірімейтін, биіктігі үш метрдей өсімдік. Қандым - әрі отын, әрі мал азығы (Қ.орда, Сыр.).
2. (Қарақ.) құмға шығатын шөп. Қандымды отын үшін пайдаланады (Қарақ.).
3. (Шымк., Түркіс.) буын-буын болып өсетін бұталы ағаш. Қандым құмды жерге жуан болып өсетін ағаш.
Қандымды отынға пайдаланады.
Қандымның бойы аласа болады.
Қандым ағашының қап-қара дәні болады (Шымк., Түркіс.).