lat: QAP
тұрмыстық бұйымдарды салуға, тасымалдауға пайдаланатын ыдыс түрі және бip нәpсенi қаптап қоюға арналған қоpғаушы зат. Ол мата, киіз, тері, ағаш сияқты материалдардан жасалады. Қаптың кейбір түрлерін ыдыс-аяқ және үй жиһаздары сияқты заттық мәдениет үлгілерінің құрамына жатқызуға болады. Өйткені, дәстүрлі ортада негізінен үйдегі әр жиһаздың және ыдыс-аяқ түрлерінің жеке қаптары болады. Ыдысқа арналған қаптарды күнделікті тұрмыста керегеге іліп қоюға, әр бұйымның өз қабымен жеке арнайы орында тұруына арналса, көші-қон кезінде де қабымен теңдеуге немесе іліп, байлауға қолайлы болуын ойластырған. Мысалы, ыдыстарға арналған қап түрлері төмендегідей: табақ салуға арналған – табаққап ; аяқ, кесе, тостаған, қасық сияқты т.б. ыдыстар, ұсақ бұйымдар салуға арналып – аяққап ; тегене, шараға арнап – тегенеқап ; кәрленнен және шыныдан жасалған кеселерді сынудан сақтау үшін теріден немесе ағаштан жасалған – кесеқап, шынықап ; сабаға арнап – сабақап; басқа бұйымдарға күйе жұқпасы үшін және сынып, бүлінуден сақтау үшін қазанға арнап – қазанқап және т.б. Әртүрлі бұйымдар салып қоюға арналған, сыйымдылығы үлкен болып келетін қап түрлері бар. Олар қаршы, керме, боғжама деп аталады. Iшiне көpпе-жастық салу үшiн аpнайы тiгiлген үлкен қап – қаршы , ал, ас-тағам, оқтау, тақтай сияқты ыдыстар салып қоюға арналған ыдыс – керме деп аталады. Қаpшының iшiне салынған көpпе-жастық шаң баспай таза, әрі жинақы тұрады. Жол жүруден басқа уақытта да үйдегі қоржын ұсақ-түйек бұйымдар салуға пайдаланылды.