ҚАРУ

lat: QARÝ

з а т. 1. Ұрыста қолданылатын шабуыл және қорғаныс құралдары. Мұны көріп, Ескендір аңаң қалды, Бар қ а р у ы н алтынға қоса салды. Енді қайтер екен деп қарап еді, Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды (Абай, Тол. жин.). Павел Комаров келіншегі Танямен қатар қ а р у кезеп тұр (Қ.Исабаев, Өткелде). Ыбырай өзі қасында мылтығы бар жолдастарымен қ а р у л а р ы н ұстап дайын тұрған (М.Әуезов, Қилы заман). // Бір нәрседен қорғану үшін пайдаланылатын тас, таяқ, пышақ т. б. заттар. Жүрек жұтқанның жұдырығы да қ а р у (М.Әлімбаев, 666 мақал). 2. Белгілі бір еңбек өнімін өндіретін құрал, сайман, аспап. Қ а р у ғ а разы Битабар енді бір жамбастай жатып көмірді кесек-кесегімен қопарып, домалата бастады (С.Шаймерденов, Жыл құсы). Кеншінің алмас қ а р у ы әрі жан серігі ғой бұл бұрғы (Ө.Ахметов, Адам.). Кедейдің қоңын жинау, ең алдымен қолдағы еңбек қ а р у ы н а байланысты (I.Омаров, Шабыт.). 3. а у ы с. Күш, жігер, қажыр, қайрат. Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел. Малың болса, сыйламай тұра алмас ел. Қ а р у ы ң н ы ң барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де жел (Абай, Тол.жин.). Әйел болсам да, денім сау, қ а р у ы м бар адаммын (С.Мұқанов, Ботагөз). Ферманың барлық жұмысын істеп отырған он шақты әйелдің қ а р у ы қайта бастады (З.Ақышев, Жесірлер).