ҚАРУ

lat: QARÝ

Қары етістігінің қимыл атауы; қыздырылған темірмен күйдіру. Шығыста кең таралған тағы бір консервативтік емдеу түрі каутеризация элементтері қазақтар арасында қ а р у, күйдіру арқылы емдеу немесе жылумен емдеу басқадай халықтық тәсілдермен бірге үйлестіре қолдану түрінде көрініс береді (Б.Хинаятұлы, Қазақ. малдәрігер.). Бұл дерттен жазылуға қыздырылған темірмен қ а р у д ы ң әсері тиеді (X.Арғынбаев, Мал ауру.).