ҚАРУ

lat: QARÝ

Ұрыста қолданылатын шабуыл және қорғаныс құралдары. Қарудың алғашқы түрлеріне ағаш найза, шанышқы, шоқпар, сақпан және найза, атқыш құралдар жатады. Кейінірек жақ пен жебе, балта, күрзі, қанжар, семсер, қылыш т.б. қолданылды.