ҚАРАУСЫЗ БАЛАЛАР

lat: QARAÝSYZ BALALAR

баспанасы бар, бірақ әртүрлі себептерге байланысты ата-аналары, тарапынан тиісті дәрежеде күтімі жоқ балалар. Қараусыз балалар ата-аналары не олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ жасөспірімдерге қадағалау жүргізуге міндетті педагогтардың, оқыту, тәрбиелеу және басқа мекемелер жұмыскерлерінің тарапынан тәрбиелеу, оқыту және асырау міндеттерін орындамау, не тиісті дәрежеде орындамау салдарынан үйінен немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетіп қалу салдарынан тәрбиесі бақыланбайтын жасөспірім.