сын.көне. (1) Батыр, алып, күшті * Қарахан әулеті. Қасиетті, киелі * Қара өлең. (2) Қарайған (сұлба), қарасын * Қара үзу. (3) Аумақ, көлем * Бұлбұлдан шешен бір құс жоқ, бармақтай-ақ қарасы. (4) Сан, мөлшер * Қара көбейту. (5) Жобасы, нобай * Құранның қарасын оқу. Басқа кәсіптің қарасын табу. (6) Қарасын, ес, серік, тірек, сүйеу * Ит те болса серік, қара ғой * Алды-артында қара жоқ. (7) Қарапайым * Қара халық. (8) Ірі мал * Ірі қара. (9) Айыпты, күнәлі * Ісі қара. (10) зат. Албасты, әбілет * Қара басу.