ҚАРАЙЛА

lat: QARAILA

ет. 1 . Артына бұрылып қарау, көз салу .

Талай жылдар өтіпті, талай заман,

Беу, шіркіндер! Бірі жоқ қарайлаған.

Үміт артып мен келем ілбіп қана (1,205).

Ағайымызға қарайлай беретін ек. Ол кісі біраз тұратын да, басынан кепкісін алып, бізге қарай аяңдайтын (4,110).

2 . Бір нәрсені тосу, бөгелу .

Бәрі көшкен малшының маңайдағы,

Жайлауына жайғасты талайлары.

Үйін әлі жыға алмай қамсыз жігіт,

Әлденені қия алмай қарайлады (2,193).

Аштық дейтін албасты наланы артқан,

Бала едім қорек іздеп бара жатқан.

Адамның баласы деп, қарайлап ем,

Қараңдап көрінген соң қараң арттан (1,244).