lat: QARAQUMAN
1. (Түрікм., Красн.; Қост., Жітіқ.) қолға су құятын кұлақты ыдыс. Бала қарақұманмен қолға су құйып шықты (Түрікм., Красн.). Қарақұманды тек дәрет алғанда ғана қажетке жаратады (Қост., Жітіқ.).
2. (Шымк., Түркіс.) үш-төрт литрлік су қайнататын ыдыс, шәугім. Қазақтың қарақұманына құдай қуат берсін (Шымк., Түркіс.).