з а т. 1. Қарақшылық. Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық, қ а р л ы қ, Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ Мейір қанып, мәз болып қуанарлық (Абай, Тол.жин.). Ұрлық пен қ а р л ы қ т а н Бойыңды тартып тек жүрсең, Көрмесін деген залалды (А.Байтұрсынов, Шығ.). 2. Жүргіштік, зинақорлық. Опа жаққан әйелдің, Көңілінде бар қ а р л ы ғ ы, Ас құяры кең адам, Арылмайды азығы (Майлықожа, Нақыл). 3. Бұзықтық, оңбағандық. Ар көрдім ант беруді дұспаныма, Долданып қ а р л ы қ іске қосқанына, Кететін ызаланып қаным қайнап, Қалмақтың ант берер деп тосқанына (И.Байзақов, Таңд. шығ.).