ҚАРСЫ

lat: QARSY

ү с т. 1. Қарама-қарсы жақ. Иванның үйінің қ а р с ы с ы н а үй салып аламыз (Ә.Нұршайықов, Жер туралы.). Терезеге қ а р с ы қабырғада арқасын сүйеп, астындағы орындықты ауық-ауық сықырлатып отырған Ыбырайым күшене жөтелді (А.Жақсыбаев, Қайырлы.). Аңырып атым тоқтады, Қ а р с ы д а н жел соқпады. Қорқынышым басылды, Біткен құлақ ашылды (Қаянбаев, Қолшатыр.). 2. Жүзбе-жүз, бетпе-бет, тура. Үйдің қалқасынан қалың киінген, соқтауылдай екі еркек қ а р с ы шыға келді (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.). Бір қолыма қамшымды, екінші қолыма пышағымды ұстап, қасқырға қ а р с ы жүрдім (Ә.Жылқышиев, Айтолқын). Олар сабақтан қалып қоямыз деп асыққандықтан, қ а р с ы келіп қалған машинаның алдынан жүгіріп өтпекші болады (“Қазақст. мект.”). 3. Белгілі бір ісрекетке наразылық білдіру, қарсылық ету; қайшы келу. Растың бір аты хақ, хақтың бір аты Алла, бұған қ а р с ы қаруласқанша, мұны ұғып, ғадаләтпен тәптештеуге керек (Абай, Тол. жин.). Комиссия Барлыбайдың ферма меңгеріп отыруына қ а р с ы (З.Шүкіров, Қиын түйін). Үнемі сабақ, үйірме деуге де Сәуленің өз басы қ а р с ы (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.). 4. Барыс жалғаулы сөздермен тіркесіп келіп, ісрекеттің, қимылдың бір нәрсеге қарай бағытталғанын білдіреді. Қалың бұқара патшалық тәртіпке, байлар мен феодалдарға қ а р с ы күреске көтерілді (Д.Айдаров, Дәуір). Амангелді сөйледі: Қолға қару алынбай, Белге қылыш тағынбай, Ат үстінде жай таппай, Жауға қ а р с ы оқ атпай, Шешілмейді бұл майдан (О.Шипин, Дастан.). Кене энцефалиті ауруына қ а р с ы егу үшін формалинмен өлтірілген вирустерден жасалған вакцина қолданылады (Ж.Сұлтанов, Аурулар.). 5. Барыс жалғаулы сөздермен тіркесіп келіп, “қарай”, “қарсаң” сөздерінің мағынасын береді. Көктемге қ а р с ы өсімдіктің тіршілік әрекеті біртіндеп күшейе бастайды (С.Тұрдиев, Үй өсімдік.). Октябрь мейрамына қ а р с ы барлық студенттер ауылдарына кеткен (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).