ҚАРСЫЛА

lat: QARSYLA

е т. 1. Қарсы алу, күту, тосу. Курстас қатар-құрбылар келе жатқан жаңа жылды жылы шыраймен бірге қ а р с ы л а й д ы (З. Қабдолов, Жалын.). Тіксайға төніп келгенде жортуылшыларды қара қасқа атты дембелше сары жігіт қ а р с ы л а п алды (X.Есенжанов, Тар кезең). 2. Отқа қақтау, ұстау. Пірәдар от басына қайыра барып, үйрегін олай-бұлай қ а р с ы л а д ы да, боршалап-боршалап жолаушылар дастарқанына апарды (Ж.Молдағалиев, Самал). Ердің тоз қиындысы жапсырылатын жеріне ғана су сеуіп отқа қ а р с ы л а й д ы (X.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман.).