ҚАРТАҢ

lat: QARTAŃ

с ы н. Жасы ұлғайып, мосқал тартқан (адам). Байбайшыл тартып, баға жоқ, Жастарға жаппас жала жоқ. Жат қораны күзеткен Қ а р т а ң шалда сана жоқ (Абай, Тол. жин.). Қолдарындағы бір-бір сауын сиырлар мен тоқты-торпағын өріске шығарып, қ а р т а ң қариялар мен кәрі әжелер де жылы төсегін тастап далаға шықты (С.Сейтхазин, Хадиша). Ақбибінің өз тұстастары дерлік қ а р т а ң немесе орта жастағы адамдар (Ұ.Доспанбетов, Сырғалы.).