lat: QARYZ
(ар. қард قرض)
1. Борыш, берешек.
Ораза, зекет пенен – екі парыз, Мойныңа құтылмасаң болар қарыз («Ізбас қажы». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Не берсін тегін тамақ ол кәпірдар, Бір теңгенің тамағын қарызға алды («Бозторғай». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Ағалар, мойныңызда қарыз болса, Борыш қылмай ахиретке, өтелік біз («Қисса Һамра, Хұсрау патша». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).
Патшамыз Әбділмәжит, бізден арыз, Шын тілек, өтемесең – сізге қарыз («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
2. Ауысп. Міндет, азаматтық борыш.