з а т. 1. Біреуге берілген немесе біреуден алған несие, борыш. Қонақ ету парыз да, Келсе қымбат бір есім. Кімнен енді қ а р ы з ғ а Ақша алсам деп жүресің (Қ.Мырзалиев, Домбыра). Жазға шыққанша байдан 5 сом қ а р ы з ала алмай, қалаға бара жатқаным. Азық-түлігіміз де таусылып, осы күні үйімізде бір уыс ұн жоқ (М.Дулатов, Шығ.). Кісі бағын деме бағым, өз денеңді нұрлы қыл. Ай сықылды болма жарық, қ а р ы з алып күн нұрын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 2. а у ы с. Азаматтық борыш, адамгершілік парыз. Гүл егін бар кеудемде, тілегім бар, Таудан тірек, құздардан жүрегім бар. Алысым бар жетпеген, парызым бар, Қ а р ы з ы м бар, минутпен жарысым бар, Кел, қиындық, менімен алысыңдар! (Т.Айбергенов, Мен саған.). Жүрегіндей пейілің де болды кең, Сатыспай-ақ саған жолды бердім мен. Бізден асқан мына біреу ұрпақтар Маған емес, саған қ а р ы з алдымен (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 3. э к о н. Екі тараптың – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында жасалатын келісімшарт түрлерінің бірі. Қ а р ы з шарты әдетте өтеусіз болады. Қ а р ы з бойынша пайыз алуға тек заңда көзделген реттерде және белгіленген тәртіппен ғана жол беріледі (ҚҰЭ).