ү с т. Біле тұра, әдейі. Қолаң шаш қ а с а қ а н а төгілгендей, Қос анар Қолдан жатық егілгендей. Кіл таза, Мінсіз нәзік екі бетке Екі мең әдей ғана себілгендей (К.Салықов, Жезкиік). Сүймей тұрып сүйеміз деп былжырап, Қ а с а қ а н а өп-өтірік тұнжырап. Қанша адамды алдаймыз бір өмірде, Қанша сәби сондықтан да жүр жылап (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Қыз білді қ а с а қ а н а сынағанын, Алла берер адалдың сұрағанын. Бір істі мерт қылуға берген екен, Жақсы ғой не болса да шыдағаным (Ә.Найманбаев, Шығ.).