ҚАШУЛЫ

lat: QASHÝLY

с ы н. 1. Өңi бұзылған, үрейлi, мазасызданған, қорыққан. Бiрдеңеден шошығандай түсi қ а ш у л ы. Үстi-басымды тез шолып өттi (С.Баязитов, Айдарлы.). Күн-күн сайын ашулы, күн-күн сайын тыныштығы қ а ш у л ы (I.Жансүгiров, Әңгiм.). 2. Қашқан, безген. Ол көптен берi жұмыстан қ а ш у л ы (Диалект. сөздiк).