е с і м. 1. Бiр нәрсенiң уақытын, мезгiлiн бiлу үшiн қойылатын сұрау сөз. Кейбiрi қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қ а ш а н ол қарыз? (Абай, Тол. жин.). Жиылған халықтар амандасып, қ а ш а н Меккеден шыққанын, жолда қанша жүргенiн, өзге қажылар қайда екенiн, араб жўртында не жаман, жақсы бар екенiн сұрады (“ДУГ”). Жорыққа аттануға мен дайынмын. Қ а ш а н, қай шаһарға шығамыз? (I.Есенберлин, Алмас.). 2. Қай уақытта деген мағынадағы ұзаққа созылған үдерістің тездетiп аяқталғанын қалайтын қолданыс. Неке қиған молдалар теңге жияр. Сатылған мал орнына сорлы қыздар, Көз жасын теңiн тауып қ а ш а н тыяр (С.Торайғыров, Шығ.). – Ей, жiгiттер, осы қазақшылықтарың қ а ш а н қалады? (А.Тоқмағанбетов, Әке.). Көрмегелi жүзiңдi көп күн болды, Құмарланған көңiлiм қ а ш а н тынар (Қаз. әндер.) // Оған дейiн, соған шейiн, уақыты болғанша, мезгiлi жеткенше деген үстеулiк мағынада жұмсалады. Аңызды сөздер Арда күрең жiгiтсiң алым-берiм. Қ а ш а н өзiң өлгенше есiл көзел, Күнде той, күнде жиын жүрген жерiң (Айтыс). Қ а ш а н жiгiт қызды қуып жетiп бетiнен сүйiп алса, жiгiт мәз болып қуанғанынан қайта қашады, мўның артынан батыр қыз қуады (“ДУГ”). О, сүйгенiң сүрiнiп кетсе сүйе, сүйгенiң рас болса, қ а ш а н қолыңа қондырғанша күрес! (Ж.Молдағалиев, Жүрек қазынасы). 3. -Ғалы-гелi қосымшалы сөздерден кейiн келiп, талай уақыт өттi, көп уақыт болды деген мағынаны бередi. Жағдайларың жақсарады, бәрi де өзгередi дегелi қ а ш а н, әзiрге ештеңесi көрiнбей-ақ тұр ғой (Б.Тiлегенов, Аққайнар). Әлгi жылқышы Жапар қолқалап сұрағалы қ а ш а н Қарашолақты (Қ.Жұмадiлов, Көкейкестi).