ү с т. Қасқыр тәрізденіп, ашкөзденіп. Россия мемлекеті бұзылып, орыс халқы бірі-бірін талап, өзді-өзіне қ а с қ ы р ш а шауып жатқанда Алаш автономиясының туын тігіп, бүліншілікке ұшыратпай, алаш балаларының аман қалуын көздеп тұрғанда, автономиясын тоқтатуы, земство, учредителни сабрание сайлау жұмыстарына кесе түсуі, бұның үстіне бүтін алашты тегіс аралап, бас-көз болып тұрған “Қазақ” газетасын жауып қоюы бұл қуларға аз іс емес (М.Дулатов, Шығ.). Лай суға май бітпес қой өткенге, Күлеміз қасқыр жалап дәметкенге. Сол қ а с қ ы р ш а алақтап түк таппадым, Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе (Абай, Тол. жин.). Хақысы бар біздерді басқа ұрса да, Қағып алып қайтадан тасқа ұрса да, Мына дүние даңқыңды жеп жатқанда, Тышқанша да, түлкіше, қ а с қ ы р ш а да (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).