тамақ ішуге арналған құрал, бұйым. Қасық қолданылуына қарай ас қасық, шәй қасық деп бөлінеді. Ас қасықпен сұйық немесе қою тамақтарды ішсе, шәй қасық шәй ішкенде қолданылған. Қасық жасауға шабуға келетін, ағаш түрлерінің барлығы дерлік жаратылып, ойып жасалады. Ағаш шеберлері кейде сәндік үшін қасықтың ернеулеріне түрлі ою, өрнектер ойып, бедерлеген. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ тұрмысына орыстардан алтын, күміс, қалайы сияқты металдан жасалған қасық түрлері мен ағаш қасықтың боялған, өрнектер салынған түрлері ене бастады.