ҚАСЫҚТАЙ

lat: QASYQTAI

с ы н. 1. Бір қасық шамасында, азғана. Ажар қатты ышқынып лоқсығанда, бір қ а с ы қ т а й көк запыран түкіреді (Б.Шалабаев, Өмірде.). 2. а у ы с. Жып-жинақы, тап-тұйнақтай, ұқыпты. Сыры өшпеген әлі де қ а с ы қ т а й м ы н. Кәрілікте мін болса асықтай мін. Сол баяғы көңілім, Сол пікірім, Бірақ айтып тастауға асықпаймын (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).