з а т. 1. Бұрыс әрекет, теріс қылық, нұқсанды іс, ағаттық. Мұндай қ а т е л і к т е р Заки бекте өріп жүр (М.Шоқай, Таңд. шығ.). 2. Жаңылысушылық, адасушылық. Жиһад ұғымын жазықсыз кісілерге бағытталған бір күш көрсету, басқыншылық, яғни лаңкестікті суреттеу үшін қолдану өте ауыр қ а т е л і к (“Түркістан”). Ең негізгі кінә, әрине, өзімде. Бұл баланы жаңа туған кезінде Перзент үні тұсаған жан мұратын Афрасиабтың ар жағында тұратын Нағашысы бауырына басқан-ды. Қ а т е л і г і м осы арадан басталды (М.Шаханов, Ғасырлар.). 3. Бұрыстық, жалғандық, теріс ойлаудан болған шатасушылық. Ойласаң мың бір пәле тілден туған, Шешендер топ ішінде тілді буған. Бір адам қ а т е л і к п е н сөз сөйлесе, Жабылып мың бір пәле соны қуған (Шал ақын, Өлеңд.).