с ы н. Қатері бар, қауіпті, қорқынышты. Бұл не? – деп тағы да айтты Әзім сорлы, Қашқаның не қылғаның мұнша ғұрлы? Шырағым, мұның өзі қ а т е р л і жер, Бір қаскөй жәдігөй дәудің орны (Абай, Тол. жин.). Ел басына туған күннің тым қ а т е р л і, қазақ жеріне қызыққан көршілерінің қауіпті екенін ойлағандар да табылды (I.Есенберлин, Жанталас). Кімнен қауіп ойласаң, Қ а т е р л і дұшпан сол болар. Кімдерге сырды көп айтсаң, Күндердің күні болғанда – Аяғыңа тор болар (Кердері Әбубәкір, Қазағым).