с ы н. 1. Қатыңқыраған, қатқақ. Бір сәт май сіңген салдырлақ қара машина қарлы даланың қ а т қ ы л жолымен құм ішіне лақтырған кесектей сүңгіп бара жатты (Н.Әбуталиев, Құрдас.). Қардың қ а т қ ы л беті шашырап, әрқайсысы өз бетінше жайылған сиырлардың сирақ терісін қажап қанатып тастайды (С.Елубаев, Ойсыл қара). 2. а у ы с. Ашулы, зілді, қатаң, қатал. Гүлзар тірлік қимастықпей жымиғанда қиылып, Ең бастапқы қ а т қ ы л ойы бірте-бірте сұйылып, Дір-дір етіп, дегбірі ұшып қалшылдады бейшара. Намысына тірек етер ерлік таппай күйініп (М.Шаханов, Ғасыр.). 3. а у ы с. Қайратты, қаттырақ. Сары болсын қ а т қ ы л шашым, Біз ұқпаспыз көп орайда. Қоя беріп аттың басын, Теңге іле алам көкорайда (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).