ҚАТТЫ

lat: QATTY

с ы н. 1. Жұмсақ емес, берік, мықты. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қ а т т ы, мойның бос. Исатайдан айырылып, Жалғыздықпен болдым дос… (Махамбет, Өлеңд.). Кепсермен көбінде тек қымбат бағалы металдарды дәнекерлейтін. Кепсер қ а т т ы дәнекерге жатады, яғни балқу температурасы жұмсақ қорғасын-қалайы дәнекерден анағұрлым жоғары (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Десятник неге маған қ а т т ы жерді ғана беріп, өзінің туысқандарына жұмсақ жерді береді? дейді ол (I.Жансүгіров, Шығ.). 2. а у ы с. Қатыгез, қатыбас. Көмер болса егерде, Қазсын көрді кеңірек. Қ а т т ы жандар өлерде Қиналады көбірек (Қырзалиев, Мәңгі майдан). Өткен бір заманда Мекке, Мәдинеге Құжаж деген адам патша болған. Елге мейірімсіз, қ а т т ы жүректігінен Құжаж залым атанған (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Біз, балалар, ата-анаға қ а т т ы м ы з ба дейім, Айжан, дәлірек айтқанда, эгоистпіз (З.Шашкин, Сенім).