ҚАТЫНАСУ

lat: QATYNASÝ

Қатынас етістігінің қимыл атауы. 1. Жиын, той т.с.с. ішінде болу. Еліміздің біріншілігіне қ а т ы н а с у біраз тоқмейілсітіп тастаған сияқты (Ә.Нұрмаханов, Жекпеек). Екеуі әлгі әңгімені еш адамға айтпасқа, тойға қ а т ы н а с у ғ а уәде байласты (С.Омаров, Қиыр жол.). 2. Араласу, қатысу. Көшпелі күйдегі жұмыссыздық қазақтың қыдыруына зор себепкер болып, қазақ даласында бір-біріне қ а т ы н а с у көп болады (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам). Ойылға келген соң шығара бастауға мұсылманша наборшік болмады. Наборшік сықылды бұрын баспаханада қызмет еткен адамдарды тауып алатын жерлер мен осы күнгі болып жатқан оқиғалар себепті қ а т ы н а с у мүмкін болмады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.). 3. Қатысу, бірге атсалысу. Сондай-ақ қаражатты өз заманына байланысты қазақ тарихына қатысты еңбектерінің басым көпшілігін орыс тілінде жазған, кезінде Ә.Х.Марғұланның жетекшілігімен бес том болып жарияланған Шоқан Уәлихановтың шығармаларының, сол сияқты кезінде осы жолдардың авторының қ а т ы н а с у ы м е н үш том болып жарық көрген Тұрар Рысқұловтың, екі том түрінде баспадан шыққан Ораз Жандосовтың еңбектерін, осылармен қатар Мұхаметжан Тынышбаевтың іргелі еңбектерін қазақша сөйлетуге жұмсаған да орынды (“Егемен Қазақстан”).