е т. 1. Ішінде болу, өз көзімен көру, процеске араласу. Серіппесі жіптен бе, қайыстанба? Қайыспайды садағы майысқанда. ... Ойлап тұрдым, қанша рет қ а т ы с т ы ң деп, Қанды қырғын соғыс пен сайыстарға (М.Мақатаев, Шығ.). Хаттың негізгі бойынша баспасөз конференциясы өткізіліп, Оған шетел журналистері қ а т ы с ы п, олар өз сұрақтарына нақты жауаптар алды. Үндеу армияда, халық арасында үлкен толқу туғызды (“Зерде”). 1918 жылы тары оруға өзім қ а т ы с қ а н д а 1904 жылы Таңатарға әкеліп берген баяғы “белгіленген” тары көзіме шоқтай басылды. Оны жеке түптей орып, аяқпен басып, жиып алған дәнім 6 пұт болды (“Егемен Қазақстан”). 2. Қатынасу, араласу, өткізісу. Кішкене көңіл аулар ма ек, Қ а т ы с ы п тұрса бізбенен. Қаяулы сондай жан бар деп, Ол да жоқ енді іздеген (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Студент тұрмысының ащы-тұщысын бірге қ а т ы с қ а н жолдастар шетінен ыстық көрінеді (С.Омаров, Өмір). 3. Араласу, байланыста болу. Белгілі ихтиолог, профессор Н.Л.Гербильскийдің басшылығымен Ленинград аквариумшылар секциясы 1954 жылы іске кірісіп, 1955 жылдан бастап көрмеге қ а т ы с а бастады (Қ.Қайымов, Суасты.). Бұрынғы Кеңес Одағы бәсекеге қабілеттіліктің рейтингтік зерттеу көрсеткіштеріне қ а т ы с қ а н жоқ. Қазақстан мемлекетінде бұл көрсеткіш 1997 жылдан бастап қана есептеле бастады (“Айқын”). Мұнда композицияға қ а т ы с ы п отырған әрбір функцияның мәндері, жиыны келесі функцияның анықталу облысына енуі керек (О.Жәутіков, Жоғары математика.). 4. Спортшының белгілі бір жарысқа түсуі, өз күшін сынауы. 81 кг салмақты бапкерлердің шешімі бойынша, Әлем кубогына екі боксшы қ а т ы с а д ы. Біреуі – Түркияда Ахмет Кормет жүлдесі үшін өткен турнирдің қола жүлдегері Елдос Жақсыбеков болса, екіншісі – Дмитрий Готфрид (“Егемен Қазақстан”).