зат. Суда жақсы жүзетін, мойны ұзын, жабайы және үй құсы. Су бетіндегі үйрек, қ а з д ы ң қоңыр үні тойға арналып тартылған домбыраның күйіндей күмбірледі (М.Дүзенов, Ақәже). Кішілеу көл мен өзендерде құс көп болса, бір тұйғын бір жерде елуден жүз елуге дейін үйрек, үштен беске дейін қ а з ұстайды (Т.Оразов, Қаныш.). Көкорай шалғын шөп өспей, Жердің сәні келмейді. Үйрек ұшып, қаз қонбай Көлдің сәні келмейді (Қаз. әндері). Көл жағалай мамырлап қу менен қ а з Жұмыртқа іздеп жүгіріп балалар мәз (Абай, Тол. жин.).