lat: QAZAN
зат. Қыркүйектен кейін, қарашадан бұрын келетін ай.
Күрең қабақ күз. Мезгіл қ а з а н н ы ң қақ ортасы (С.Досанов, Қыран.).
Орман сыңсып шулайды,
Гүлдер қурап бақтағы.
Қ а з а н дейді бұл айды,
Қ а з а н ы м ы з октябрь (С.Оңғарбаев, Дөңде.).
Сонда желтоқсан демей-ақ қояйын, қ а з а н мен қарашада жас балалары бар шопандар киіз үйде отыра ала ма? («Қаз. әдеб.»).