ҚАЗАН ТӨҢКЕРУ

lat: QAZAN TÓŃKERÝ

шөлейт далада сортаң жерде өсетін улы өсімдік итсигекті емдік мақсатта дайындау үшін қолданылатын тәсіл. А.Сейдімбектің жазуына қарағанда, итсигектің уын дайындау үшін шілде түскен соң көктеп шыққан итсигекке қазан төңкеріп кетіп, күзеуге түскен кезде аударады екен. Ол үшін итсиектің аласалау өскен бұтасының гүлi мен буыны көптеуінің шойын қазанды төңкерiп тастайды. Қазанның ернеуiн айналдыра көметін көрінеді. Жаз бойы жатқан қазанды кейін аударған кезде қазанның iшкi қабырғасына итсигектiң жабысқан көкшұбар өскінін қырғыш немесе кепсермен қырып алады. Оны келiге түйiп талқандап, елеп ұнтақтап, құтыға салып сақтайды. Мұндай улы ұнтақты малдың үстіне бит, бүрге және кене сияқты қансорғыштар қаптаған кезде сепкен. Сол сияқты қасқырды улауға пайдаланған көрінеді. Ал емшілік тәржірибесінде суға бұқтырып алған соң малдың түрлі қотыр мен ауруларын (қатар бұзаутаз, қышыма, қыршаңқы және т.б.) емдеуге қолданады.